Астанада 9–16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі бөлігінде жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатындықтан, аталған учаске толық емес, бөліктер бойынша жабылады, — делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, осы кезеңде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген өзгерістерді ескеруге кеңес берді.
