Басты бет / Жаңалықтар /
скриниң,
Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстан азаматтары медициналық скриниңнен қай жаста және қаншалық жиі өтуі керек?

Қазақстанда скриниң тексеруі қауіпті ауруларды ерте анықтау үшін тегін жүргізіледі. Тексеру белгілі бір жас санатындағы азаматтарға арналған және олардың әрқайсының өз мерзімі мен кезеңі бар. Baribar.kz Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қағидалар бойынша, кім, қай жаста және скриниңнан қаншалық жиі өтуі керек екенін жинақтады.

Скриниңнен қалай өтуге болады?

Адам скриниңнен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерге немесе профилактикалық бөлімге хабарласуы керек.

Медицина ұйымы азаматтың жасына сай скриниңнен өтетін жасқа жататынын анықтап, қажет тексерулерге шақырады немесе жолдама береді.

Қазақстанда скриниң тексерулері мемлекет есебінен жүргізіледі және нысаналы жас топтарына кіретін азаматтарға тегін көрсетіледі.

Жүрек-қан тамырлары аурулары скриниңі

Бұл скриниңнен 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жасқа толған ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет өтеді.

Бұл скриниң артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған.

Сүт безі обыры скриниңі

40–76 жас аралығындағы әйелдер (әр екі жыл сайынғы жас санаты бойынша) екі жылда бір рет өтеді.

Негізгі зерттеу – маммография. Скриниң сүт безі обырын ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Жатыр мойны обыры скриниңі

30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 және 74 жасқа толған әйелдер төрт жылда бір рет өтеді.

Скриниң жатыр мойны қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтауға арналған.

Колоректалды обыр скриниңі

50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір өтеді.

Алдымен нәжістегі жасырын қанды анықтайтын гемокульт-тест жүргізіледі. Қажет болса, дәрігер пациентті колоноскопияға жібереді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram