Басты бет / Жаңалықтар /
0100d23def60aaef0bdda41077416678 Яндекс Go мен Helios Алматы – Шымкент бағыты бойындағы жанармай құю бекеттерін безендірді
Фото: Яндекс Go

Яндекс Go мен Helios Алматы – Шымкент бағыты бойындағы жанармай құю бекеттерін безендірді

Яндекс Go мен Helios жанармай құю бекеттері желісі «Жақындарға апарар жол» атты бірлескен жобаны іске қосты. Алматы – Шымкент бағыты бойында орналасқан Helios-тың жеті жанармай құю бекетінде қазақстандық суретші Қарлығаш Исмағұлованың авторлық иллюстрациялары, тақырыптық кофе стақандары, «Қалааралық» сервисінің танымал бағыттары бейнеленген иллюстрациялық карталар және арнайы безендірілген кеңістік пайда болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы – Шымкент – Қазақстандағы ең танымал қалааралық бағыттардың бірі. Күн сайын бұл жолмен туған-туысына, жақындарына, жұмыс бабымен немесе демалысқа жол тартатын мыңдаған адам қатынайды. Сондықтан бірлескен жобаны дәл осы бағытта жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Жоба аясында Қарлығаш Исмағұлова Алматы, Тараз, Шымкент және еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзге де қалалардан шабыт алып, арнайы иллюстрациялар топтамасын әзірледі. Бұл жұмыстар жанармай құю бекеттерінің безендірілуінде, кофе стақандарында, «Қалааралық» сервисінің бағыт карталарында және навигациялық материалдарда қолданылды.

30c4ec554cdec507e729f5c52765856c Яндекс Go мен Helios Алматы – Шымкент бағыты бойындағы жанармай құю бекеттерін безендірді
Фото: Яндекс Go

Жобаға қатысатын Helios жанармай құю бекеттерінің келушілері тақырыптық стақандағы кофеден дәм татып, «Қалааралық» сервисінің танымал бағыттары көрсетілген иллюстрациялық картаны тегін ала алады. Сонымен қатар жоба аясында арнайы әзірленген өзге де безендіру элементтерімен танысуға мүмкіндік бар.

Қалааралық сапарлар – Қазақстандағы көптеген адам үшін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Біз Helios-пен бірге жолдағы үйреншікті аялдаманы ерекше әсер сыйлайтын орынға айналдырғымыз келді. Сол себепті Яндекс Go сервистерін қазақстандық суретшінің жұмыстарымен ұштастырып, үлкен жолдағы сапарды шағын әсерге айналдыруды көздедік. Бұл жоба адамдарды жиірек сапарға шығып, жаңа бағыттарды ашуға және жақындарымен жиі қауышуға шабыттандырады деп сенеміз, – деді Қазақстандағы Яндекс Такси сервисінің басшысы Руслан Саитов.

7de31048de82783c55c2a356352a0de5 Яндекс Go мен Helios Алматы – Шымкент бағыты бойындағы жанармай құю бекеттерін безендірді
Фото: Яндекс Go

31 шілдеге дейін Яндекс Go пайдаланушылары үшін арнайы ұсыныстар қолжетімді. HELIOS промокоды арқылы «Қалааралық» сервисіндегі «Жолсеріктермен» тарифімен алғашқы сапарға 50% жеңілдік, сонымен бірге Яндекс Go қолданбасындағы «Жанармай» сервисі арқылы Helios жанармай құю бекеттерінде жанармай ақысын алғаш рет төлегенде 5% жеңілдік алуға болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram