1. Жүктілікке және босануға байланысты жәрдемақы қалай беріледі?

Жүктілік, босану
Иллюстрация: Dribbble.com © Siyuan Gao

Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы әйелдің жұмыссыз немесе жұмыс істегеніне қарамастан бірдей беріледі. 2019 жылы айлық есептік көрсеткіштің артуына байланысты жәрдемақы көлемі де өзгерді.

Жүктілікке және босануға байланысты жәрдемақы қалай тағайындалады? Кесар тілігін жасатқан және ауыр босанған аналарға қандай жәрдемақы беріледі? Жас босанған аналар үйден шықпай жәрдемақыны, балабақша кезегін, құжаттарды қалай рәсімдей алады? Бұл туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ажар Қайратбекқызы жауап берді. Материал 18 маусымда жарық көрді, 8710 рет оқылған.

2. Ерте түскен әжімді қалай жазуға болады? Косметолог кеңесі

Ләззат Мамытова, дәрігер-косметолог
Ләззат Мамытбаева. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Экология адамның бет терісінің бұзылуына, қартаюына көп әсер етеді. Беттегі қара дақты, пигментті қалай жоюға болады? Ерте түскен әжімді кетірудің жолы қандай? Ер мен әйелдің, жасөспірім мен ересектің бет күтімі қандай болуы керек? Бұл туралы тілшімізге дәрігер-косметолог, клиника базасындағы оқу орталығының кафедра меңгерушісі Ләззат Мамытбаева айтып берді. Ақжарқын Қыдырханованың материалы 7 маусымда жарияланды, бүгінге дейін 8005 рет оқылған.

3. Үстінен тер иісі шығатын адамды бұл жағдайдан қалай құтқару керек?

Жағымсыз иіс
Иллюстрация: Dribbble.com © Shelby Warwood

Шектен тыс тершілдікті неврология емдейді. Себебі ол жүйке жүйесімен байланысты: көп ашулану, қобалжу, истерикаға бой алдыру, эмоцияға берілу және тағы басқа.

Тершілдікті тоқтатуға бола ма? Денеден жағымсыз иіс шықпауы үшін не істеу керек? Үстінен иіс шығатын адамға ол туралы қалай ескертуге болады? Baribar.kz интим мәселенің жауабын дерматолог пен психологтан сұрады. Бұл туралы материал 5 маусымда шықты, 6592 рет оқылған.

4. Балалы болуды жоспарламай тұрып нені ескеру керек? Гинеколог кеңесі

Медицина, гинекология
Иллюстрация: Dribbble.com ©Gillian Levine

Көп қыз-келіншек әлі күнге дейін өз денсаулығына байланысты қарапайым нәрселерді білмейді. Мұндай жағдай болмауы үшін аналар қыздарымен жиі әңгімелесуі керек.

Қыздардың жасөспірім кезден гинекологқа қаралуы маңызды ма? Алғашқы баланы босанғаннан кейін қанша уақыт күтіну керек? Баланың жынысын күнтізбе бойынша жоспарлау дұрыс па? Baribar.kz гинеколог Гүлнәр Қалибековадан сұрады. Еңлік Сақтанның 11 маусымда жарияланған материалы бүгінге дейін 6266 рет оқылған.

5. Ұйықтағанда тіс қайрау. Бруксизм ауру ма, әлде әдет пе?

бруксизм, тіс қайрау
Иллюстрация: Dribbble.com ©Beto Garza «Helbetico»

Түнде ұйықтап жатқанда тісін қайрайтын адамдар бар. Тіс қайрау неден болады? Оның адамға зияны бар ма? Бруксизмді қалай емдейді? Бұл сұрақтардың жауабын 19 маусымда жарық көрген материалдан табасыз. Бруксизм туралы тілшімізге №18 қалалық емхананың невропатологы Қарлығаш Оспанова айтып берді. Материал 4964 рет оқылған.

6. Баланы қорқыту оның психикасына қалай әсер етеді?

Ана мен бала
Иллюстрация: Dribbble.com ©Melissa Anne Morgan

Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан кететін қателер бар. Соның бірі — баланы қорқыту, оған сенбеу. «Терезеден лақтырып жіберемін», «Жалмауыз кемпір алып кетеді» деген сөздер бала психикасына әсер етіп, оның тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді екен. Baribar.kz бала психикасына әсер ететін факторларды психоаналитиктен сұрады. Материалды порталымыздың жаңа редакторы Назым Сапарова дайындады. Материал 10 маусымда жарық көрді, 4883 рет оқылған.

7. «Бойкот еш нәтиже бермейді». Сайлауға не үшін баруымыз керек?

Мәслихат депутатын сайлау
Фото: 24.kz

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Осы орайда «Сайлауға қазақстандықтар не үшін баруы керек?», «Сайлаудың әділ өтуіне әр азамат қалай көмектесе алады?», «Сайлау қандай өзгеріске себеп болуы мүмкін?» деген сұрақты бірнеше респондентке қойдық. Олар: саясаттанушы Айдос Сарым, журналист-блогер Бэлла Орынбетова, баспагер Бақытжан Бұқарбай. Материал 3 маусымда жарық көрді, 4058 рет оқылған.

8. Анемияны қалай емдеу қажет? Дәрігер нұсқауы

Бас ауру, қаназдық
Иллюстрация: Dribbble.com ©Jenn Liv

Анемияны дәрігердің нұсқауынсыз емдеген не себепті қауіпті? Оның қандай деңгейлері бар? Анемия қандай жағдайда өмірге қауіп төндіреді? Бұл сұрақтарға Семейдегі №4 қалалық емхананың отбасылық дәрігері Гүлзат Қопанова жауап берді. 20 маусымда жарық көрген материал бүгінге дейін 3491 рет оқылған.

9. Смартфонды не себепті 100%-ға дейін қуаттауға болмайды?

заряд телефон
Иллюстрация: Dribbble.com ©Ivo van de Grift

Қуат батареясы — гаджеттің жүрегі. Оның дұрыс жұмыс істеуі көбіне қуаттағышқа байланысты. Байланыс инженері Мирлан Атамқұлов гаджетті қуаттауға қатысты бірнеше ереже айтты. Материал 14 маусымда жарияланды, 3443 рет оқылған.

10. Қауын-қарбыз таңдағанда нені ескеру керек?

Қарбыз
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Бақша өсімдіктерінің құрамындағы нитраттың (селитра) мөлшерін зерттеу жүргізіп қана анықтауға болады. Қарбыздағы нитрат мөлшері келісіне 60 миллиграмнан, ал қауында 90 миллиграмнан аспауы қажет.

Дәрісіз өсірілген қауын мен қарбыз қай уақытта піседі? Ыстық аймақтан келген көкөністерді маусым, шілде айынан бастап жеуге бола ма? Оларды қалай таңдау керек? Бұл туралы Baribar.kz тілшісіне Ұлттық сараптама орталығының мамандары, егінші, диқандар айтып берді. 21 маусымда жарияланған материал бүгінге дейін 3350 рет оқылған.

Құрметті оқырман! Алдағы уақытта Baribar.kz порталынан қандай тақырыптарды оқығыңыз келеді? Сайтқа қатысты ұсыныс, алып-қосар ойыңыз бар ма? Онда әлеуметтік желідегі парақшаларымызға немесе [email protected] электрон поштасына жазыңыз.