44 градусқа дейін ыстық. Алдағы үш күндегі ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК мамандары 25-27 маусым аралығындағы ауа райын болжады.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың оңтүстігінде ауа райы ыстық болады. Оған Иран аймағынан түсетін жылы ауа себеп екен.

Алдағы үш тәулікте күндізгі ауа температурасы 30-35 градус, кей жерде 37-40 градус, ал шеткі оңтүстік аймақта ауа температурасы 44 градусқа дейін ысиды, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр, найзағай мен екпінді жел болады. Сонымен бірге ауа температурасы төмендейді.