Еліміздің орталығы мен оңтүстігінде ғана күн ашық болады

Жұма күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел екпіні секундына 23-28, кей жерлерде 30 метрге дейін күшейеді, тіпті, одан да асады. Қостанай облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, 23-28 м/с жел соғады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Атырау облысында да найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында найзағай ойнайды, 18 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында 3 градус ызғар болады. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.