21 мамырдағы ауа райы: жаңбыр, бұршақ, дауыл, ызғар

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан, Қарағанды облыстарында да найзағай ойнап, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Жамбыл облыстарында найзағай ойнайды, 23-28 м/с жел соғады, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, Павлодар, Алматы, Атырау облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Алматы облысында найзағай ойнайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус, Қостанай, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтанда 3 градус, Ақтөбе облысында 1 градус, Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде 1 градус ызғар болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 21-23 мамыр күндері бұршақ аралас жаңбыр жауып, суық болатынын хабарлаған еді.