23 мамырда Қазақстанның шығысында қар жауады

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жаңбыр, жылбысқы қар және бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында да найзағай ойнап, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Ақмола облысында күн тұманды болады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Түркістан, Павлодар, Алматы, Жамбыл облыстарында тұман түседі, Павлодар облысында найзағай ойнайды. Қостанай облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында тұман түседі.

Павлодар облысында 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік болады. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматыда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.