15 мамырдағы ауа райы: дауыл, бұршақ, үсік

Қарағанды облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 23-28 м/с жел соғады, 6 градусқа дейін ызғар болады. Ақтөбе облысында да дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, 3 градусқа дейін ызғар болады. Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарында да 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 6 градусқа дейін ызғар болады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, Маңғыстау облысында дауыл тұрады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, 6 градусқа дейін ызғар болады, Алматы облысында және Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендейді.

Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін.