Үшінші қазаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қолданыстан шығарылады

Аталған банкноттарды кез келген азамат Ұлттық банктің барлық филиалында тегін айырбастап алуға құқылы. Айта кетейік, қолданыстан шыққан банкноттарды ауыстырып үлгермеген жандар 2017 жылдың 3 қазанына дейін екінші деңгейлі банктерде айырбастай алады.

Қаржыны қабылдау, айырбастау және ұсақтаудан бас тартқан банктер 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.