24 сәуірде күн тағы да жауын-шашынды болады

24 сәуірде күн жауын-шашынды болады, республиканың оңтүстігінде нөсер жауады, батыста жауын-шашын болмайды. Өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы осындай.

Жамбыл облысында тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с-ке жететін жел соғады. Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Қызылорда облысында тұман түсіп, жел күшейетіні, найзағай ойнап, бұршақ жауатыны ескертілді. Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар.