Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1 316 метр екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына көпір салынады. Бүгінге дейін алып нысанның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобасы жасалып, сараптамаға жіберілген.