Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысын қайда өткізіп жатыр?

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр, — делінген жазбада.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы астанаға сенбіде оралатынын жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, еңбек демалысы

Қасым-Жомарт Тоқаев, еңбек демалысы

Қасым-Жомарт Тоқаев, еңбек демалысы

Қасым-Жомарт Тоқаев, еңбек демалысы
Фотолар Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Еске салайық, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың шілде айының ортасында демалысқа шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.