Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасы маңындағы Аюда шатқалында орман өртенді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, Приморское орманшылығы аумағында шөп, бұта және ағаштар жанған. Өртті сөндіруге авиация тартылып, жердегі күштермен бірге кешенді жұмыстар жүргізілді.
Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді. Қазавиақұтқару әуе кемесі арқылы жеті рет су төгіліп, жалпы 21 тонна су шашылған. Өртті сөндіру таулы жер бедері мен желдің күшеюіне байланысты күрделенген. Соған қарамастан, қабылданған шаралардың нәтижесінде жалынның таралуы тоқтатылды. Қазіргі уақытта ашық ошақтар жоқ, жағдай толық бақылауға алынған, — делінген хабарламада.
