Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтарға шыққан сот үкімі Қазақстандағы БАҚ плюрализміне зиянын тигізуі мүмкін екенін айтты.
Бүгін Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі болған Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа қатысты сот шешімі шықты.
Калееваның сөзінше, Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев бүгін таңертең "Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ агенттігіне қатысты жағдай" туралы баспасөз конференциясы басталмай тұрып ұсталған. Олар осы жиында сөйлеуі тиіс болған.
Азаттық тілшісі жиынды Тамара Калеева мен...