Сейітқазы Матаев қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, әріптестері істен саясатты көреді

Калееваның сөзінше, Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев бүгін таңертең «Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ агенттігіне қатысты жағдай» туралы баспасөз конференциясы басталмай тұрып ұсталған. Олар осы жиында сөйлеуі тиіс болған.

Азаттық тілшісі жиынды Тамара Калеева мен журналист Ермұрат Бәпи жүргізіп жатқанын айтады. Олар әкелі-балалы Матаевтарды «антикоррупциялық бюро қызметкерлері ұстап қалғанын» және олардың одан кейінгі жағдайынан хабарсыз екенін хабарлады. Азаттық тілшісі Матаевтардың ұсталғанын анықтамақ болып хабарласқанда Әсет Матаев телефон тұтқасын алмады, Сейітқазы Матаевтың телефоны сөндірулі тұр.

Жиында сөйлегендер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев «көп мөлшеде мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінгенін айтты. Сейітқазы Матаев бұған қоса Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубын заңсыз реконструкциялады» деген де күдікке ілінген.

«Істің мәні оларды қудалаудың шынайы мақсаты ашық диалог алаңы — Ұлттық баспасөз клубының қызметін шектеу, ҚазТАГ материалдарының мазмұнына жасырын түрде мемлекеттік бақылау жасау және Қазақстан журналистер одағының қоғамдық белсенділігін төмендету деген ұйғарым жасатып отыр» делінген жиында таратылған мәлімдемеде. Онда Матаевтардың өздеріне тағылған айыпты мойындамайтыны және кінәсіз екендерін дәлелдеуге дайын екендігі айтылады.

ДереккөзОрталық Азия

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Мемлекет басшысы жазушылар одағының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартады

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррель деңгейінде ерікті түрде қысқарту мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады.

Жанар-жағармайды шекарадан шығаруға қойылған шектеу тағы ұзарады

Елімізде автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға салынған шектеу алты айға ұзарады.

Президент: Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.

Алматыдан 443 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 09:21-де жер сілкінісін тіркеді.