Жоғарғы сот Сейітқазы және Әсет Матаевтарды ақтады

Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Биылғы 24 маусымда жоғарғы сотқа келіп түскен наразылықта бас прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі  апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады. Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды, — делінген жоғары сот таратқан хабарламада.

Осылайша, Сейітқазы және Әсет Матаевтардың қылмыс жасамағаны анықталып, іс тоқтатылды.

ҚПК-нің 39-бабына сәйкес ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіру құқығы танылды. Наразылық ішінара қанағаттандырылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2016 жылы Сейітқазы Матаев 6 жылға, Әсет Матаев 5 жылға сотталған еді. Оларға «аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлады, салық төлеуден жалтарды» деген айып тағылған. Алайда олар үкіммен келіспей, кінәсіз екенін және қудалаудың саяси астары барын айтқан.