ЕҚЫҰ Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа шығарылған үкімді айыптады

ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Матаевтарға шыққан үкім Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне зиян тигізуі мүмкін екенін айтты. «Қазақстандағы сот жүйесінің тәуелсіздігіне қол сұғу ниетім жоқ, дегенмен, Қазақстандағы ақпарат құралдарының көрнекті өкілдеріне шыққан сот үкімі мені таңдандырды»,- деді Миятович.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қазанда Астананың Есіл аудандық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты «қаржы жымқырды» және салықтан жалтарды» деген айыптармен 6 жылға соттады. Ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев «қаржы жымқырды» деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырды. Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне — 169 миллион теңге, «Қазақтелеком» компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімдері), оның ішінде Ұлттық баспасөз клубы мен бірнеше көліктері тәркіленетіні айтылды.

ЕҚЫҰ өкілінің пікірінше, сот үкімі салдарынан ҚазТАГ пен Ұлттық баспасөз клубы жабылып, ол Қазақстандағы баспасөздің әралуандылығына зардап келтіруі мүмкін.

ДереккөзCentral Asian