Биылғы түлектерге 38 мыңға жуық грант бөлінді

Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда гранттар саны бакалавриатта 6 мың, магистратурада 2,5 мың орынға көбейген.

«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа — 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға — 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға — 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», — делінген баспасөз баянында.

Айта кетейік, 2017-2018 жылғы мемлекеттік білім беру гранттары педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салаларының мамандықтарына көп бөлінген.

ДереккөзEgemen.kz

3 пікір

  1. Мен КТА-дан 68 бал алдым
    Дж тарих-15,
    Ағылшын-25
    ,Математик сауаттылық-8
    Каз тарих-9
    Сауаттылық-11 ВКГу-грантға өтініш жазсам түсе аламба

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да