Басты бет / Қоғам /

Биылғы түлектерге 38 мыңға жуық грант бөлінді

Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда гранттар саны бакалавриатта 6 мың, магистратурада 2,5 мың орынға көбейген.

«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа — 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға — 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға — 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», — делінген баспасөз баянында.

Айта кетейік, 2017-2018 жылғы мемлекеттік білім беру гранттары педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салаларының мамандықтарына көп бөлінген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

3 Пікір

  1. А
    Асель 9 жыл бұрын
    Гранттың көп болғанынан не пайда грантқа түсетіндер аз болса
  2. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Мен КТА-дан 68 бал алдым Дж тарих-15, Ағылшын-25 ,Математик сауаттылық-8 Каз тарих-9 Сауаттылық-11 ВКГу-грантға өтініш жазсам түсе аламба
  3. Д
    Дима 8 жыл бұрын
    Праходнои канша болып жатр екен негзы 50 ма 70 па