Барлық жеміс-жидектер мен көкөністерді тоңазытқышта сақтаған дұрыс емес. Аталған азық-түліктердің салқын жерде ұзақ сақталатыны анық. Алайда, тоңазытқыштың температурасы жеміс-жидектер үшін тым салқын. Әсіресе, картоп, қызанақ, алма мен банан суыққа төзімді емес. Картоп температура төмен болғанда өзінің дәмін өзгертіп, тым тәтті болып кетеді. Ал банан мен алма суық жерде этилен бөледі.

Азық-түлік, тоңазытқыш

Мұздаған етті суда жібітудің қажеті жоқ. Етті мейлінше ертерек шығарып қойып, бөлме температурасында жібіткен абзал. Мұздатылған етті ыстық суға салуға мүлде болмайды. Ыстық суға салсаңыз, өзінің тағамдық құндылықтарымен қатар, дәмін де жоғалтады.

Мұздатылған ет
©stockfood

Қысқа консервілер дайындау — жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Алайда, нұсқаулықтардың өзінде консервілеуге арналған ыдыс пен қақпақтың арасында қанша орын қалуы керектігі туралы айтылмаған. Көпшілік ыдыс пен қақпақтың арасына орын қалдырмау керек деп қателесіп жатады. Сәл де болсын қақпақтың арасына «тыныс алатын» орын қалдыру керек. Қайнатпа салынған ыдыс пен қақпақтың арасына 1-3 мм, ал жеміс-жидек, компот пен қызанақты салғанда 10-15 мм, қалған тұздықтарда 25-30 мм орын қалдырсаңыз болады.

Консервілеу

Қысқа толқынды пештің есігін ашып, ішіндегі тағам пісті ме екен деген оймен қарай беретін шыдамсыз адамдардың тамағы дұрыс піспейді. Сондықтан, тағамның дайын болатын уақытында ғана қараған дұрыс. Есігін ашып-жапқан сайын сырттағы салқын ауа ыстықпен араласып, нәтижесінде тағамның ортасы шикі болып шығады.

Духовка
©prostoloca.ru

Нан өнімдері құрғақ әрі салқын жерде сақталуы керек. «Нанды тоңазытқышта сақтасаң қатып қалады» деген аңызға сенудің қажеті жоқ. Тек тоңазытқышқа салмас бұрын дұрыстап орап қойыңыз.