Астана — Қарағанды — Алматы тас жолының бір бөлігі жабылады

Не болды?

12 мамырдан бастап Астана — Қарағанды — Алматы тас жолының бір бөлігі жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырдан 12 шілдеге дейін күнде сағат 06:00-20:00 аралығында Күрті – Шабыт тас жолы бойында (1121–1177 шақырым) көлік қозғалысы шектеледі.

1121–1186 шақырым мен 1194–1209 шақырым аралығында «Астана – Қарағанды – Алматы» тас жолын жөндеу жұмысы жүреді. Жөндеу жұмысы кезінде көлік жүргізушілері айналма жол арқылы жүріп өтеді, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Шемякин көшесі 2 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін жабылады.