Қазақстандық лоукостер күзгі рейстерге 20% жеңілдік жасады

FlyArystan әуе компаниясы күзгі маусымға арналған билеттерге 20% жеңілдік акциясын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, жеңілдік 8 қыркүйек пен 21 қазан аралығындағы рейстерге қолданылады. Акция Қазақстан ішіндегі барлық бағытты, сонымен қатар бірқатар халықаралық рейсті қамтиды.

Атап айтқанда:

  • Астана қаласынан Газипаша, Үрімші, Кутаиси және Ташкент бағыттарына;
  • Алматы қаласынан Газипаша, Самарқан және Кутаиси бағыттарына;
  • Ақтау қаласынан Кутаиси мен Баку бағыттарына;
  • Атырау қаласынан Кутаиси бағытына рейстерге жеңілдік қарастырылған.

Акциялық билеттерді тек 5 және 6 мамыр күндері сатып алуға болады.

Айта кетейік, биыл наурыз айынан бастап компанияда тегін алып жүруге болатын қол жүгінің салмағы бес келіден жеті келіге дейін ұлғайтылған.