Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов елдегі энергия нысандарының техникалық жағдайы туралы баяндама жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов нашар жағдайдағы жылу орталықтарына қатысты сұрақ қойып, «қызыл аймақта» тұрған нысандар бойынша нақты шараларды атауды талап етті.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ел бойынша бес жылу орталығы «қызыл аймақта» қалып отыр. Әр нысан бойынша жергілікті әкімдіктермен бірлескен нақты жөндеу жоспарлары бекітілген.
Қадағалау комитеті апта сайын жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп отыр. Сонымен қатар қаржыландыру мәселесі шешіліп, осы бес нысан бойынша қаржы көлемі 40% артты, – деді ол.
Жоспар бойынша, аталған жылу орталықтарын жыл соңына дейін «қызыл аймақтан» шығару көзделген.
Сонымен қатар ведомство энергия нысандарының жағдайын бағалау жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Қазіргі рейтиң төрт көрсеткіш бойынша жасалса, алдағы уақытта олардың санын тоғызға дейін арттыру көзделген.
