Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің кезекті бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, Шемякин көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары Кожедуба көшесінен Хмельницкий көшесіне дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр. Ол учаскеде арнайы ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шемякин көшесі осымен бір апта ішінде үшінші рет жабылып отыр. Бұған дейін жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен басқа учаскелерде жүргізілген болатын.
