Не болды?
Данил Голубенко — Molodoy лақап атымен танылған Қазақстанның кибер спортшысы. Ол әлемге әйгілі футболшы Неймармен кездесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Данил Голубенко Furia Esports киберспорт тобының құрамында ойнайды. Ал бұл топтың президенті әрі амбассадоры — футболшы Неймар. Данил Голубенко Неймармен кездесті.
Бұған дейін Бразилия футболшысы Қазақстан баласының жетістігіне риза болып, Instagram-да пікір жазған еді. Енді олар бетпе-бет кездесіп, естелік суретке түсті.
Ақпарат
Данил Голубенко — 21 жастағы Семей қаласының тумасы. Ол 2025 жылғы сәуір айынан бастап бразилиялық Furia Esports командасының құрамында ойнап келеді. Спортшы 60-тан астам матч, 12 турнирге қатысқан.
Furia Esports командасы былтырғы қыркүйек айында Сербияда өткен, жүлде қоры 1,25 миллион доллар болған ірі турнирде чемпион болды. Данил бұл жарыстың ең үздік ойыншысы (MVP) ретінде алғашқы алтын медалін алды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстандық Данил Голубенко HLTV Awards 2025 қорытындысы бойынша жылдың жаңа үздік ойыншысы болды.
