Данил Голубенко киберспорттағы үздік ойыншы атанды

Не болды?

Қазақстандық Данил Голубенко HLTV Awards 2025 қорытындысы бойынша жылдың жаңа үздік ойыншысы болды. Бұл туралы HLTV.org порталы хабарлап отыр.

Мәлімет

HLTV.org порталының ақпаратына қарағанда, Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша Данил Голубенко 2025 жылдың ең үздік жаңа ойыншысы болды.

Данил бір жыл ішінде орта есеппен 1,17 ұпай жинап, HLTV Awards марапатында «Жылдың Жаңа Ойыншысы» сыйлығын жеңіп алды. Осы арқылы өз командасына FISSURE Playground 2, әлем чемпионатында Thunderpick, IEM Chengdu және BLAST S2 титулдарын жеңіп алуға көмектесті, — деп жазды HLTV.org порталы.

Анықтама

Данил Голубенко — 21 жастағы Семей қаласының тумасы. Molodoy деген лақап аты бар. Ол 2025 жылғы сәуір айынан бастап бразилиялық Furia Esports командасының құрамында өнер көрсетіп келеді. 60-тан астам матч, 12 турнирге қатысқан. Жүлде қоры 3700 доллар болған META Cup Season 1 турнирінде бірінші орынға ие болған.

HLTV Awards — Counter-Strike кәсіби ойыны бойынша HLTV.org порталы жыл сайын ұйымдастыратын қорытынды іс-шара. Жеңімпаз статистикалық көрсеткішіне, ірі турнирдегі нәтижесіне және редакция сарапшыларының бағалауына сүйене отырып анықталады. Ойыншылар жеке, команда бойынша және қазылар таңдаған қосымша номинациялармен марапатталады.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2025 жылғы 10-18 мамыр күндері Астанада COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana  ірі халықаралық турнирі өткен еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да