Не болды?
Ішкі істер министрлігі еліміздегі автомектептерді тексерді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz мәліметіне қарағанда, 59 оқу ұйымы жүргізушілерді оқыту үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген, сақтандыру полисі жоқ автокөлікті пайдаланған. Елімізде жалпы 727 автомектеп бар. Тексеру кезінде біршама автодромда жол белгілері, жолақ сызықтары мен жарық жүйесі жоқ екені анықталды.
Қазір ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті автомектептердегі 701 оқу тобының қызметін уақытша тоқтатты, — делінген хабарламада.
«Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енеді
Енді министрлік «Автомектеп» ақпараттық жүйесінде автомектептерді есепке алып, оқу тобын тіркейді. Бұл жүйе арқылы жүргізуші куәлігінің заңдылығын, оқу бағдарламасының сағат бойынша жоспары мен оқу көліктерінің есебін тексеруге болады. Сонымен қатар оқу ұйымдарының қызметін бақылау мақсатында «Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енеді. Қазір бұл заң жобасын мәжіліс депутаттары қарап жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, енді жүргізуші куәлігін алу үшін шексіз емтихан тапсыруға болады.
