Тоқаев Каспий теңізін сақтау үшін мемлекеттерді бірігуге шақырды

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Каспийді сақтау аймақтағы экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті қорғау, сонымен қатар орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдауды ұсынады. Сонымен қатар Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Бұл мекеме өңірлік ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді, – деді президент.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары сарапшылар тарапынан жиі көтеріліп келеді. Су деңгейінің төмендеуі мен экожүйеге төнген қауіп аймақ елдері үшін ортақ мәселе ретінде қарастырылып жатыр.

Тоқаев осыған байланысты барлық мүдделі тараптарды бірлесіп әрекет етуге шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да