Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсүх БАҚ өкілдеріне арналған брифиңде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тоқаевтың айтуынша, келіссөз барысында екі ел арасында жаңа көлік дәлізін қалыптастыруға ерекше назар аударылған.

Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделіміз. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге келдік, – деді мемлекет басшысы.

Президент бұл жобаның күрделі әрі жан-жақты сараптауды қажет ететінін атап өтті. Осыған байланысты арнайы үкіметаралық жұмыс тобы құрылып, жобаға қатысты барлық мәселелерді пысықтайды және көршілес елдермен келіссөз жүргізеді.

Оның сөзіне қарағанда, болашақта Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жаңа автожол сауда-саттықтың артуына серпін беріп, транзиттік әлеуетті күшейтеді. Сонымен қатар оның игілігін өңірдегі басқа мемлекеттер де көреді.