Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

2027 жылы ҰБТ-ға балама тест пайда болады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) балама жаңа емтихан енгізілетінін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрдің айтуынша, 2027 жылдан бастап пилоттық режимде AIT (Admission Insight Test) деп аталатын жаңа тест іске қосылады. Жобаны әзірлеумен ETS айналысып жатыр. Компания делегациясы алғашқы кездесулер өткізу үшін Астанаға келген.

Жаңа тесттің басты ерекшелігі — оның халықаралық деңгейде мойындалуы. Сонымен қатар келесі жылы да талапкерлер үшін пробалық тестілеулер ұйымдастырылады. Ал 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Тест 120 тапсырмадан тұрады, ең жоғары балл — 140, ал тапсыру уақыты — 4 сағат. Емтихан кезінде калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етіледі, — деді министр Ақорда кулуарында.

Сонымен қатар тест тапсырушылар емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

2026 жылғы тестілеу аяқталған соң, 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережебұзушылықтар анықталса, талапкерлердің нәтижелері жойылады.