Жамбыл облысының Меркі ауданында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қаражат толық игерілмей қалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде 11 кәмелетке толмаған балаға тиесілі әлеуметтік төлемдердің уақытылы әрі толық берілмегені белгілі болды. Сонымен қатар оларды ұйым қаражаты есебінен сауықтыру лагерьлері мен санаторий-курорттық мекемелерге тегін жіберу мәселесі де назардан тыс қалған. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде балаларға тиесілі барлық қаражат өндіріліп, толық төленді. Қазіргі уақытта оларды жазғы еңбек лагерлері мен сауықтыру орындарына жолдамалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіл жатыр, — делінген Жамбыл облысы прокуратурасының хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, заң бұзушылықтарға жол берген жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
