Биыл мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 272,7 миллиард теңге жұмсалды.
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлем түрінде шамамен 45 миллиард теңге төленді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Былтыр мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,2 миллион адам жалпы сомасы шамамен 441 миллиард теңге әлеуметтік төлем алды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ке артық.
Үкімет 2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулыны қабылдады.
Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы айтты.