Телефон қолдану, белдік тақпау: Астанада жол қауіпсіздігін AI бақылайды

Не болды?

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтайтын AI-видеосараптамасы іске қосылып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана әкімдігінің ақпаратына қарағанда, жаңа алгоритм автоматты түрде көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін тақпау және жол қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторларды анықтай алады. Қазіргі уақытта жүйе сынақтан өтіп жатыр.

Ерекшелігі неде?

Дәстүрлі жүйеден айырмашылығы, жаңа AI-камералар тек жекелеген құқық бұзуды тіркеумен шектелмейді. Ол қалалық және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен бірігіп, үлкен цифрлық платформаның бір бөлігі болады.

Неге басымдылық беріліп жатыр?

Жоба аясында ақпараттық қауіпсіздің талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Жүйе қажет сертификаттаудан өтіп, кезең-кезеңімен іске қосылады, — деп жазды баспасөз қызметі.

Бұл шешім жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанада бейнебақылау камераларының саны бір жылда екі есе артты.