60 мың бейнекамера: Астанада камера саны 2 есе артты

Не болды?

Астанада бейнебақылау камераларының саны бір жылда екі есе артты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қалада көлік саны көп. Тіркелген көлік — 456 мың, бұдан бөлек тіркелмеген 50 мың көлік бар. Күнде қалаға кіріп-шығатын көліктермен қоса алғанда, көшеде жалпы 600 мыңнан астам көлік жүреді. Жыл сайын автопарк үлесі 10%-ға артып жатыр.

Қазір Астанада 60 мың бейнекамера жұмыс істеп тұр. Әкімдік жасанды интеллект негізінде 35 түрлі бейнесараптама енгізуді жоспарлап отыр. Биыл жол қозғалысы ережесін тіркейтін 1 200 кешен іске қосылады, — деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда камера саны 65 мыңға жетті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да