Не болды?
Өскеменде қайың ағашын шапқандар айыппұл төледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
YK-news.kz ұсынған мәлімет бойынша, Абай даңғылындағы медициналық мекеме қызметкерлері аумақтағы (бұрынғы №1 қалалық аурухананың аумағы) қайың ағаштарын шауып тастаған. Полиция мекемеге бір миллион теңгеден астам айыппұл салды.
«Мекеме жасыл желекті күтіп-ұстау мен қорғау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», — дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Контекст
Естеріңізге салайық, биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш пен бұта егіледі.
