Жол апатынан жылда 2,5 мың адам қайтыс болады: жол ережесін бақылау күшейеді

Не болды?

Жыл сайын жол апатынан 40 мыңға жуық адам жарақат алып,  2,5 мың адам қайтыс болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың үкімет үйіндегі баяндамасы бойынша, жол апатына жол ережесін сақтамау, жол инфрақұрылымының жай-күйі мен көліктің техникалық жағдайы тікелей әсер етеді. Жалпы жол апатының 84%-ы елді мекендерде болған. Жыл басынан бері 3 миллионнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталып, 5,5 мың жүргізуші мас күйде ұсталды.

Елімізде былтыр жол апатынан қаза тапқандар саны 10%-ға, 2026 жылдың басынан бері 4%-ға төмендеді, — дейді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Контекст

Естеріңізге салайық, 13 сәуірге қараған түні Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болған.