Аутизмі бар балалардың ата-анасын қорлаған блогер жаңа іс бойынша ұсталды

Не болды?

Аутизмі бар балалардың ата-анасын қорлаған блогер Гүлнара Оразалина жаңа қылмыстық іс бойынша ұсталды. Ол Қостанайда төбелес ұйымдастырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«31 арнаның» ақпаратына қарағанда, жанжал әуелі әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Кейін қыздар оны жүзбе-жүз кездесіп шешпек болған. Алайда кездесудің арты төбелеске ұласты.

төбелес
Видео скрині

Төбелес видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Күрте киген – Гүлнара Оразалина. Барлық төбелеске қатысушылар сол жерде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесі бойынша әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заң бойынша шешім қабылданады, – делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2025 жылғы желтоқсанда блогер Гүлнара Оразалина «балалардағы аутизм мен онкология ауруларын ата-аналарының жеңілтек өмір салты үшін берілген жаза» деп мәлімдеді. Сот оны әдепсіз сөздер қолдану арқылы қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыптады. 78 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да