6 маусымнан бастап Ақтаудан Батумиге тікелей ұшуға болады

Не болды?

FlyArystan 2026 жылғы жаз маусымында Ақтаудан Батумиге ұшатын тікелей рейстерді іске қосады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Әуекомпания ақпаратына қарағанда, бұл халықаралық FS7729 рейсі 2026 жылғы 6 маусымнан 29 тамызға дейін, аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) ұшады. Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады. Рейс:

  • Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады;
  • Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та жетеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы 29 тамызға дейін тоқтатты.