Түркияда 2 күн қатарынан мектептерде атыс болды: 9 адам көз жұмды

Түркияның Қахраманмараш өңірінде орналасқан мектептердің бірінде қарулы шабуыл болып, тоғыз адам қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, 14 жастағы сегізінші класс оқушысы мектепке әкесіне тиесілі тапаншамен келген.

Ол бесінші класс оқушылары оқитын екі класқа кіріп, оқ жаудырған. Соның салдарынан сегіз оқушы мен бір мұғалім қаза болды. Шабуыл кезінде тағы 13 адам жарақат алды. Олардың алтауының жағдайы ауыр. Оқиғадан кейін шабуыл жасаған жасөспірім өз-өзіне оқ атқан, — делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда оқушылардың қауіптеніп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан секіргені, ал шабуылдаушының мектеп дәлізінде оқ атқаны көрінеді. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция қызметкерлері мен тұрғындар жиналған.

Құқық қорғау органдары күдіктінің әкесін ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, қару оның әкесіне тиесілі болуы мүмкін.

c2656ab2e176b9586030bb01e8367120 Түркияда 2 күн қатарынан мектептерде атыс болды: 9 адам көз жұмды
Шанлыурфадағы атыс. Видео скрині

Айта кетейік, бір күн бұрын Шанлыурфа қаласындағы мектепте де атыс болып, кем дегенде 16 адам жараланған еді. Ол оқиғада да шабуыл жасаған жасөспірім өз-өзіне оқ атқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да