Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза болды

Фото: istockphoto.com
Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болып, бір адам қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметшілер арасында болған.

Алдын ала дерек бойынша, келісімшарттағы әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір әскери қызметші жарақат алған.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккен адамға қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.