Не болды?
Алматының кейбір аймағында бір күн суық су болмайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Алматы су» мекемесінің мәліметіне қарағанда, 14 сәуір күні Алматының кейбір аймағында суық су өшеді.
Жаңа су құбырын іске қосу үшін Алмерек – Асқаров – Нәжімеденов – Кенесары Хан – Дулати көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен ғимараттарда суық суды уақытша өшіреді.
Суық су болмайтын ғимараттар:
- «Рахат» шағын ауданы;
- «Аспан Тау», «Хан Тәңірі», «Байкен» тұрғын үй кешендері;
- Almaty Resort шипажайы;
- «Заман» мектебі.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр Алматының бірнеше ауданында суық су өшкен еді.
