Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшеді

Алматыда инженерлік желілер жаңарып жатыр. Осыған орай, бірқатар ауданда суық су уақытша тоқтайды.

Бұл туралы «Алматы Су» хабарлап отыр.

Компанияның хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 23:00-ден 23 қазан күні сағат 05:00-ге дейін мына аумақтарда су болмайды:

  • Абай даңғылы – Сайын көшесі – Жандосов көшесі – Қарғалы өзені контурында, оның ішінде «Мамыр 1–7», «Атамекен», «Алмас», «Шабыт», «Жазира», «Қуаныш», «Таугүл» (Ықылас, Цветочная көшелері), «Достық» (Абай даңғылының оңтүстігі) шағын аудандары;

  • Абай даңғылы – Қарғалы өзені – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі аумағы.

Сонымен қатар Абай – Алтынсары – Шаляпин – Сайын көшелері арасындағы 6, 7, 10 А және 12-шағынаудандарда су қысымы төмендеуі мүмкін.

Коммуналдық кәсіпорын уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, тұрғындардан түсіністік танытуды өтінді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да