Не болды?
13-17 сәуір аралығында Алматыда жарық өшеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Алатау жарық компаниясының» мәліметіне қарағанда, жоспарланған жөндеу жұмысына байланысты жарық өшеді. Бес күн бойы Алматының біршама ауданында 8:00 немесе 9:00-ден 17:00-ге дейін жарық болмайды.
Компания жариялаған кесте бойынша, орталық көшелер, тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттарда 13-17 сәуір күндері жарық өшеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, 6-10 сәуір күндері Алматыда жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты жарық өшкен еді.
