Ақтөбеде ХҚКО қызметкерлері шетел азаматтарына заңсыз қызмет көрсеткен

Ақтөбеде ХҚКО ғимаратында заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған топтың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, 2 сәуір күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктілерді анықтаған.

Жедел деректерге сәйкес, олар жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарына тіркеу рәсімдерін заңсыз жолмен жасап, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы қызмет көрсеткен. Тергеу барысында күдіктілердің Орта Азия елдерінен келген азаматтарға заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталған. Қазіргі уақытта жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды құжаттарды тек ресми арналар арқылы рәсімдеуге шақырып, заңсыз делдалдардың қызметіне жүгінбеуді ескертті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да