Шымкентте жасөспірімнің өліміне қатысты қайғылы жағдай тіркелді. 8-класс оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұл ақпаратты Шымкент қалалық білім басқармасы растады. Ведомство мәліметінше, оқиға 6 сәуір күні жасөспірім үйінде болған кезде орын алған. Туыстары оны тауып алып, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келген кезде оқушыда өмір белгілері болмаған.
Ресми дерек бойынша, жасөспірім бұған дейін медициналық есепте тұрмаған. Оның мұндай қадамға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
