Астанада LRT жүйесі толық автоматты сынақтан өтті

Астананың жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі бір уақытта 19 құрамды қатыстырумен кешенді сынақтарға сәтті өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

CTS мәліметінше, сынақтар машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде ұйымдастырылды.

Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденіп, жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріліп жатыр. Сынақтардың нәтижелері жүйені қосымша баптауға және LRT-тің тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілген, оның 15-і желіде жүретін болады, ал қалғандары резерв ретінде сақталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да