Балаларға арналған «Мейірімді суреттер» байқауы басталды

Қазақстанда үй жануарларына деген жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «Мейірімді суреттер» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Байқауға 6–11 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қатысушылар өз суреттерінде үй жануарлары немесе асырап алғысы келетін жануарларды бейнелеуі керек. Кез келген көркемдік техника қолдануға болады. Жұмыстар онлайн түрде қабылданады.

Әр жіберілген сурет үшін бір килограмм жем үйсіз жануарларға арналған баспаналарға жіберіледі. Жобаның мақсаты — балаларға шығармашылық қабілетін дамыту мен қамқорлықты іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беру.

Байқау мерзімі:

  • Жұмыстарды қабылдау: 2026 жылғы 3–23 сәуір
  • Ашық онлайн-дауыс беру: таңдаулы суреттерді қолдау
  • Қорытынды: 2026 жылғы 12 мамырда жеңімпаздар грамоталар мен естелік сыйлықтарға ие болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да