Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қызы Ким Чжу Э мемлекеттегі ең жоғары лауазымға мұрагер болуға дайындалу қарқынын күшейтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, кейінгі уақытта Ким Чжу Э қорғаныс саласындағы бағыттарды бақылауға белсенді араласып жүр.
Бұл әрекеттер мұрагерге деген сенімді арттыру және биліктің сабақтастығы бейнесін қалыптастыру мақсатында жасалып отыр, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ақпан айында Ким Чен Ын 13 жастағы қызына әскери секторды сеніп тапсырған болатын.
