Не болды?
Қазақстан азаматтарын 2026 жылғы мамыр айында екі апта демалыс күтіп тұр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жұмыс кестесіне байланысты еліміздегі демалыс күндерінің саны әртүрлі болады:
- бес күн жұмыс істейтіндер 14 күн;
- алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 күн демалады.
Мамырдағы негізгі мерекелер
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
- 9 мамыр – Жеңіс күні;
- 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні (нақты күні өзгеруі мүмкін).
1 мамыр
Бес күн жұмыс істейтіндерге 1-3 мамыр аралығында қатарынан үш күн демалыс. Ал алты күн істейтіндерге 2 мамыр – жұмыс күні.
7 және 9 мамыр
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін 7 мамыр демалыс, 8 мамыр – жұмыс күні, 9, 10, 11 мамыр қатарынан демалыс.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7 мамыр демалыс, 8, 9 мамыр – жұмыс күні, 10 мамыр демалыс, 11 мамыр — жұмыс күні.
Құрбан айттағы демалыс
Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға түсіп тұр. Соған орай сәрсенбі күні азаматтарға қосымша демалыс беріледі.
Контекст
Естеріңізге салайық, менструация кезінде әйелге демалыс беретін бес ел туралы жазған едік.
